METHODS TO IMPROVE THE EFFICIENCY OF ROAD FREIGHT TRANSPORT

Автокөлік, әр түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындардың, өндірушіден тұтынушыға жүктерді тасымалдауды жүзеге асырып, логистика деп танылатын тауар қозғалысы жүйесінің құрамына кіреді. Кәсіпорындар логистикалық тәсілдерге және шаруашылық байланыстарға ере отырып, клиенттерге қызмет көрсету кезінде аз...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: U. K. Shedenov, G. A. Askarov
Format: Article
Language:English
Published: Institute of Economics under the Science Committee of Ministry of Education and Science RK 2018-03-01
Series:Экономика: стратегия и практика
Subjects:
Online Access:https://esp.ieconom.kz/jour/article/view/153
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Автокөлік, әр түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындардың, өндірушіден тұтынушыға жүктерді тасымалдауды жүзеге асырып, логистика деп танылатын тауар қозғалысы жүйесінің құрамына кіреді. Кәсіпорындар логистикалық тәсілдерге және шаруашылық байланыстарға ере отырып, клиенттерге қызмет көрсету кезінде аз шығынмен өнімді жеткізу сапасын арттыруда бір бірімен бәсекелеседі.Көліктік кәсіпорындарға логистиканың тиімділігін арттыру, біріншіден, автомобильмен жүк тасымалдау нарығында бәсекелестік көп және екіншіден, көліктік шығындар логистиканың жалпы құнының 35 тен 50 пайызға дейін құрайтынымен анықталады. Сондықтан, автокөліктік кәсіпорындарға көлік шығындарын үнемдеу өте маңызды. Зерттеулер мен публикацияларды талдау барысында, тиімділік көрсеткіштерін таңдау мәселесімен көптеген ізденушілердің айналысқандары анықталды. Автомобиль көлігінің логистикалық қызметін бағалау бағытында көптеген шетелдік және отандық ізденушілердің зерттеулері логистикалық тәсілдерді пайдаланып автокөлік кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Мақаланың мақсаты - автомобильмен жүк тасымалдаудың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін талдау және тасымалдау өзіндік құнына жылдамдықтың әсер ету деңгейін анықтау. Мақсатқа жету үшін, автомобиль көлігімен тасымалдаудың тиімділігін бағалау мәселесіне арналған ғалымдардың еңбектері талданды. Жылдамдықтың тасымалдау өзіндік құнына әсерін профессор Д. Тестің анықтаған алгоритмімен, MS Excel бағдарламасы көмегімен анықталды.
ISSN:1997-9967
2663-550X